Түркістан
EN

Түркістан облысында республика күніне орай «қоқыссыз табиғат» экоакциясы өтті

120
18.10.2022

Республика күнінің қарсаңында және Президент қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жалпыұлттық «Қоқыссыз табиғат» акциясының аясында сенбіліктер өтуде. Түркістан облысы да бұл бастамадан қалыс қалған жоқ. Түркістан және Кентау қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері саябақтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. 

Түркістан облысы бойынша мыңнан астам азамат қолына тырма мен сыпыртқы алып, сенбілікке шықты. Тазалық шарасына облыстағы аудан, қалалар мен ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен еріктілер жұмыла атсалысты. Олар, қоршаған ортаға құрметпен қарау керек дейді. Одан бөлек, өзгелерге үлгі көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру негізгі міндетіміз деп ұрандатты.

Орыс тілінде бір нақыл сөз бар. Жиі тазалайтын емес, ластамайтын жер таза болады. Экологиялық мәдениетті ұстаудың маңыздылығы да сонда. Бастысы, соны жастарға үйрету екен.

Дәл осындай акция Кентау қаласында да өтті. Бұнда да, қаладағы колледж студенттері және табиғи қорық жанындағы экологиялық ұйым мүшелері белсене атсалысуда. Жалпы, қала бойынша 200-ге тарта жас сенбілікке қатысыпты. 

Тағы бір айта кететін жайт, Мемлекет басшысы ел аумағында 2 млрдтан астам көшет отырғызу керек деген бастама көтерді. осыған орай, сенбіліктер барысында Түркістан облысында 210 млн көшет отырғызу жоспарлануда.