Түркістан
EN

Жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

267
18.10.2022

Түркістанда жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Жарыс Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болды. Спорттық шараға 14 пен 29 жас аралығындағы 40-қа жуық мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Олар қол күрес, гір көтеру, ләңгі тебу, асық ату секілді ұлттық ойындардан бақ сынады.

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ – Іс шараның мақсаты- біздегі ұлттық ойындарды дәріптеу.

Жарыс нәтижесінде асық атудан бірінші орынды Рамазан Бодиров  жеңіп алды. Ал гір көтеруден бірінші орынды Орынбасар Баби есімді жерлесіміз иеленсе, ләңгі тебуден Ерлан Асанов үздік деп танылды. Ал қол күрес бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы көпсалалы колледжінің командасы жеңімпаз атанды.