Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Сайрам мен Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездесті

304
17.10.2022

Түркістан облысы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бүгін  Дархан Сатыбалды Сайрам мен Түлкібас аудандарына жұмыс сапарымен барды.  Халықпен кездесулер емен-жарқын ашық форматта өтті. Аудандардың әрқайсында екі сағаттан астам уақыт тұрғындардың сұрақтарына жауап берген әкім,  соңынан қалып, тілек білдірген азаматтарды жеке қабылдады. 

Облыс әкімі сапарын аудандағы жаңа құрылыстарды аралаудан бастады. Ауданда көретін дүние көп екен. Бірінші нысан– су жаңа мектеп. Жеке кәсіпкер салған білім ордасы. 73 жастағы кәсіпкер 7 айда  7 мектеп салған екен. Оның 6 уы осы Сайрам ауданында. Оқушыларға бар жағдай жасалған. Ауданда жол салу жұмысы да жақсы жолға қойылыпты. Облыс басшысының назарына күрделі жөндеуден өткен  «Ақсу-Манкент-Жібек-Жолы» автомобиль жолы ұсынылды. Мұнан кейін халықпен кездесу басталды. Ешқандай шектеу жоқ, кездесуге келем дегендер келді, сұрақ қоямын дегендер қойды. Еркін пікір алмасылып, әкім өтініштер мен сұрақтарға толық жауап берді. 

Мұнан кейін облыс әкімі Түлкібас ауданына табан тіреді. Мұнда өндіріс те қарқынды дамып жатыр. Әлемде коланың 3 түрі ғана бар екен. Соның бір түрі қазақстанда бұрын-соңды шығарылмаған. Енді алғаш рет Түлкібаста шығатын болады.  Қазір зауыт ғимараты салынып жатыр.  Бір жылдан соң пайдалануға берілмек. Халықпен кездесуде аймақ басшысы табиғаты ғажайып өңірде  жылдан соң туризмді дамытуға мән керектігіне де мән берді. Ал тұрғындар әкімге сұрақты қарша боратты. Көтерілген мәселе көп. Инфрақұрылым, ауыл шаруашылығына субсидия беру, үй салуға жер беру және өзге де мәселелер көтерілді. Облыс әкімі әрбір сұраққа жеке тоқталып, нақты жауап берді.

Биыл Еңбекші және Майлыкент ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріледі.  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 елді мекенде 32 жоба іске асуда. облыс әкімі ғасырға жуық тариыхы бар қос ауланның тұрғындары ен кездескен соң,жеке мәселесін айтып келген қарашаның мұңына құлақ түрді.Қариялар оьлыс әкімінің ісіне сәттілік тілеп, ақ батасып берді.