Кәсіподақтар күні салтанатты түрде аталып өтті. 90 жылға таяу тарихы бар кәсіподақ комитеті ұйымдастырған жиын Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында болды. Бүгінде 1367 бастауыш кәсіподақ ұйымы мен 100 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымының облыстағы барлық аудандар мен қалаларда құрылған 17 филиал жұмыс атқаруда. Жиынға кәсіподақ ардагерлері мен ұлағатты ұстаздар жиналды. Комитет төрағасы қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықттай келе мұғалімдерге гүл шоқтары мен сый-сияпаттар берілді. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, бірлескен ұжымдар өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты жиын Е.Хасанғалиевтің Атамекен әнін орындаумен аяқталды. Халқымыздың сүйікті әнін өнерпаздармен бірге залда отырған мереке қатысушылары қосыла орындады.
ЕРКІНБЕК БАҚЫТ - ТО ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПТІК ОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - Бүгінгі таңда біздің облыстық облыс әкімінің құрмет грамотасымен 5 ұстазымыз, облыс маслихаттың құрмет грамотасымен 5 ұстазымыз, одан кейін мынау аманат партиясының марапатымен содан кейін облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен және біздің облыстық кәсіподақ ұйымының төс белгісімен жалпы 37 ұстаздарымыз бүгінгі таңда марапатталып отыр.