Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойына орай «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты Түлектер форумы өтті. Тарихи кездесуге университеттің негізін қалаушы ректорлар мен сондай-ақ ардагер ұстаздар қатысты. Сондай-ақ оқу орнының ең алғашқы түлектері де арнайы келіпті.
Түркі әлемінің рухани сардары - Қожа Ахмет Ясауи атын иеленген Қазақ-түрік халықаралық университетіннің қабырғасынан бүгінге дейін 90 мыңға жуық түлек түлеп ұшқан. Қазіргі таңда олар еліміз бен шет елдерде түрлі салада еңбек етуде.