Түркістан
EN

Мақта тоннасы 330 теңгеден қабылданып жатыр

260
17.10.2022

Мақташылар үшін қуанышты жаңалық. Мақтаарал ауданындағы «Жанасыл» мақта зауыты жергілікті шаруалардың өнімінің әр келісін 330 теңгеден қабылдауды бастады. Биыл ғана ашылған жаңа зауыттың күн сайын 300 тоннаға дейін мақта қабылдауға қауқары бар. Мақта бағасының шаруаларға тиімді болып шешілуіне облыс басшылығы мұрындық болды. 

Еліміздегі мақта шарауашылығымен айналысатын өңір Түркістан облысы. Биыл 126 мың гектарға мақта егілген. 330 мың тонна мақта талшығын жинап аламыз деген жоспар бар. Бүгінге дейін барлық егіннің 60 пайызы жиналды. Бірақ әлемде болып жатқан ахуалға байланысты ақ алтын бағасы күні кешеге дейін белгілі болмаған еді. Қыркүйек айында мақта бағасына алаңдаушылық білдірген шаруалар облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға келіп, көмек сұраған болатын. Аймақ басшысы өңірдегі 22 зауыттың басшысымен кездесіп, олардың мақтаның тоннасына аванс ретінде 250 мың теңге төлеу туралы уәдесін алған. 

Нұржігіт Мырзахметов – ТО Ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары - Қазіргі уақытта зауыт басшылары 250 мың теңгеден қабылдап жатыр. Дегенмен, басқа да инвесторларды табу жөнінде облыс әкімі тапсырма берді. Сол тапсырмаға сәйкес біз Турция мемлекетімен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Қытаймен инвесторлармен сөйлесу барысында бүгінгі таңда мына облысқа Қытай инвесторлары сол кісілер қызығушылық танытып жатыр.

Қытай инвесторлары қызығушылық танытып қана қоймай, бірден іске көшкен. Олар биыл ашылған жаңа «Жанасыл» зауытына мақтаның тоннасын 330 мың теңгеден қабылдауға дайын.