Түркістан шаһары күллі қазақтың мақтанышы. Түркі жұртының қасиетті мекені. Мұнда өмірге келіп, білімін жетілдірген түрлі сала мамандары жетерлік. Әр қайсысы өз биігіне шыққан азаматтар. Мәселен, киелі мекендегі оқу орнының түлектері Түркия төрінде лауазымды қызметте. Бірі саяси саланы жанына серік етсе, енді бірі білім жолын қуған. Олардың қай қайсысы болсын Түркістандағы күндерін тәтті естеліктерімен еске алады.
Студенттік шағын Түркістанда өткергендердің бірі Халит Филиз. Ол 5 жыл киелі шаһарда білімін жетілдірген. Бүгінде жоғарғы сайлау комиссиясында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеуде. Қызметтің қай биігіне шықса да шыққан жерін еш ұмытқан емес. Керісінше, керемет күндер өткенін сағынышпен еске алады. Тіпті биыл өзі білімін жетілдірген жоғары оқу орнының 30 жылдық мерейтойы екенін де ұмытпапты.
ХАЛИТ ФИЛИЗ – ЖОҒАРҒЫ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ - Оқу ортамыз 30 жылда болашақта сәуле шашатын жастармыздың отаны, ғылымның орталығы және шипа іздеген жанның үмітіне айналды. Өткен жылдары үлкен жетістікке қол жеткізген университетіміз түркі дүниесімен қарым-қатынаста көшбасшылық жасау мен қатар зерттеулер жүргізді.
Ал Синан Йылдыз болса 17 жасында киелі мекенге табан тіреген. Бүгінде Түркия елінде абыройлы қызмет атқаруда. Нақтырақ айтсақ, сондағы ең үлкен телеарналардың бірі ТРТ корпорациясында директор кеңесшісі лауазымында. Синан Йылдыз оқу бітірген соң Түркістанға келудің реті болмады дейді. Содан бері 14 жылдан асыпты.
СИНАН ЙЫЛДЫЗ - TRT БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ - Түрістанға сәлем. Қазақстанға сәлем» өте қатты сағындым. Аллаға аманат болыңыз.
Елімізден мұхит асып білімін жетілдіруге кетіп жатқан жастар да жетерлік. Мәселен, сарыағаштық Әділбек Сүгірбек. Діни бағытта ілімін жетілдіруге келген ол 1 жыл көлемінде дәріс тыңдайды. Түркияға келгеніне небәрі 2 ай болса да туған жерді сағынғанын жасырмады.
ӘДІЛБЕК СҮГІРБЕК – СТУДЕНТ - туған туысқан, әке-шешеме, туған-туысқандар бауырларыма баршасына сәлем жолдаймын. Түркістанға, Түркістан телеарнасына
Айта кетейік, телеарнамыздың басшылық ұжымы өткен аптада Түркия еліне арнайы барған еді. Онда бірнеше ресми келісімдерге қол қойылды. Нәтижесінде Медиа холдинг халықаралық деңгейге шықты. Сондай ақ, екі жақты тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында мамандар тәжірибе алмасуына мүмкіндік туды.