Түркістан
EN

Түркістанда «Поэзия түні» өтті

361
14.10.2022

Түркістанда бұрын соңды болмаған поэзия кеші өтті. Ерекше кеш ақын, тележүргізуші Рысгүл Досжанованың ұйымдастыруымен болған.Кешке арнайы еліміздің ірі қалалары мен өңірдің түкпір-түкпірінен 80-ге жуық поэзия сүйер қауым жиналыпты. 

Кеште пианиноның сүйемелдеуімен заманауи қазақ поэзиясының сиясы кеппеген өлеңдері мен ішкі әлемнің ирімдерін дәл табатын монологтар оқылды. Осылайша, келушілер эстетикалық атмосфераға толы романтикалық кештің куәгері болды. Алғашқыда бұл шара 40 адамға шақталған еді. Алайда, кеш авторы сұраныстың көп болуына байланысты орындар санын тағы 2 есеге көбейтуге мәжбүр болыпты.

Жиында әрбір нәзік жанды аруға ақ раушан сыйланды. Ал,кеш соңында көрермендер өлең оқып, қонақтарға “Мазмұндама” баспасы ұсынған кітаптар табысталды.

Еске сала кетейік, “Тармақтар” жобасы қазіргі таңда әлеуметтік желіде өте танымал. Бүгінде парақша жан тебірентер өлең тармақтарын жариялап, көптің көңілінен шығып жүр. Бұл алғаш рет өткізіліп отырған  поэзия кеші алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінде өткізілмек.