Түркістан
EN

Түркістанда студенттер арасында Яссауи хикметтерін жатқа айту бойынша жарыс өтті

291
14.10.2022

Түркістанда студенттер арасында Яссауи хикметтерін жатқа айту бойынша жарыс өтті. Сопылық поэзияның негізін қалаушы тұлғаның еңбектерін насихаттауға негізделген сайысқа Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-түрік Университеті мұрындық болды. Толығырақ тілші материалында.

Ақбота Ақжол-Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде филология мамандығы бойынша білім алуда Айтуынша-Яссауи хикметтеріне деген қызығушылығы бала кезде пайда болған. Болашақ педагог «Ясауи еңбектері-мықты тәрбиелік құрал, сондықтан оны зерттеп, болашақ ұрпаққа үйрету үлкен жауапкершілік»,- дейді. 

Жарысқа қатысушылар  жеребе бойынша бірнеше топқа бөлініп, әр топ кезекпен сахнаға шығып сынға түсті. Қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында сайысты жүргізуші  хикметтен үзінді айтып, ары қарай кез-келген бір сайыскерге, тоқтаған жерден жалғастырып әкетуді тапсырады. 

Сайыстың мақсаты-Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттап, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

Сайыстың нәтижесі бойынша филология факультетінің студенттері Ардахан Бүлдірген, Ақжол Ақбота мен Аманжол Томирис хикметтерді мүдірмей айтып, суырылып алға шықты. Бағы мен бабы қатар шапқан хикметшілер ақшалай жүлде мен дипломға ие болды. Сондай-ақ жеңімпаздар үшін аймақтың киелі жерлеріне арнайы экспедиция ұйымдастырылмақ.