Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түркия президентін мемлекет басшысы елорда әуежайында күтіп алды. Сондай-ақ Ақорда резиденциясында Түркия президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Шарада Қазақстан мен Түркияның әнұрандары орындалды. Сонымен қатар екі ел президенттері келіссөз жүргізді. Түркия президенті жахандық және аймақтық тұрақсыздық белең алған шақта түркі мемлекеттерінің ынтымағын одан әрі нығайту қажет екендігін айтты. Сонымен қатар стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел Қазақстанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән беретінін жеткізді. Ал президент Қасым Жомарт Тоқаев 7 айда Қазақстан мен Түркия арасында сауда айналымы 3,5 млрд долларға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ мемлекет басшысының сөзінше, былтыр екі елдің өзара саудасы 33 пайызға артып, 4 млрд доллардан асқан.