Түркістан
EN

Түркістан облысының 15 000-ға жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге қоныс аударған

158
13.10.2022

Түркістан облысының 15 000-ға жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бұл 2015-жылдан бергі есеп. Теріскейге көшуге ниеттілердің саны артпаса кемімей тұр дейді мамандар. Себебі, түстікте жұмыс орындары жетерлік. Оның үстіне тегін баспанаға ие болу мүмкіндігі де жоғары. Солтүстікке қоныс аударудың тағы қандай артықшылықтары бар? Алтынбек Әмит айтып берсін.

Тұрсын Ұлықбек оңтүстік жұртына таңсық кәсіпті қолға алған. Ол өзінің ауласын жылыжайға айналдырып, аскөк өсіреді. Пайдасыда ұшан теңіз. Тұрсын өзінің кәсіп бастауына мемлекеттен үлкен көмек болғандығын айтады. Одан бөлек, Солтүстіктің климатыда егін шаруашылығына өте тиімді дейді.

ТҰРСЫН ҰЛЫҚБЕК – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - 15 соттық жерге ектім...

2015 жылдан бері Тұрсын секілді Түркістандық 3372 отбасы теріскей жеріне табан тіреген. Барлығы дерлік жұмыспен қамтылып, тегін баспанаға қол жеткізді. Биылдың өзінде 1379 жан теріскейдің тұрғыны атанып, күнгейден қоныс аударған. Оның ішінде 300 тұрғын жұмыспен қамтылса, 18 адам жеке кәсібін ашқан. 

ШУХРАТ АДРАШИТОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ - Қайта келіп жатқандарда бар...

Туған жерді тастап, жаңа ортаға бой үйрету қиын әрине. Алайда, Түркістан телеарнасында көрсетілетін «Теріскейге көш» бағдарламасы арқылы солтүстіктің қай ауданына көшу керектігін біле аласыздар. Ол үшін бар болғаны ютуб желісінен «Теріскейге көш» деп, іздеу батырмасын бассаңыз жеткілікті.