Бүгін Түркістанда Еуразиялық масштабтағы археологиялық форум өтті. Бұл ауқымды іс-шара Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылған. V халықаралық конгреске әлемнің 28 елінен жетекші ғалымдар жиналды. Олар мұнда Қазақстанның, түркі елінің астанасы Түркістанның тарихымен танысады. Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстарды саралап, өзара тәжірбие алмаспақ. Айта кетейік, ғалымдардың бұл басқосуы түркістанда 14-қазанға дейін жалғасып, келесі 6-конгресстің қай мемлекетте қашан өтетіні белгіленеді.