Түркістан облысындағы Сайрам ауданында таулы қарабақ соғысына 30 жыл толуына орай шара өтті. Майданға қатысқан жауынгер марапатталып, арнайы концерт қойылды. Жиынның басты мақсаты ардагерлерге құрмет көрсету.
Салтанатты шара екінші дүниежүзілік соғысында мерт болған сарбаздардың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сондай-ақ оларды бір минут үнсіздікпен еске алып құран бағышталды. Елін қорғау үшін жанын қиған сарбаздарға қандай құрмет көрсетсекте жарасады дейді ұйымдастырушылар.
БАҚТИЯР БАТАЕВ - ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСЫНЫҢ ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ САЙРАМ АУДАНЫ БОЙЫНША ТӨРАҒАСЫ - Сондай-ақ ардагерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін концерт қойылды. Әсіресе қарабақ биі көпті тәнті етті. Сонымен қатар саханалық қойылым көрермендерге соғыстың қалай басталғандығы жөнінде баяндалады. Майданға қатысқан барлық жауынгерге марапаттау қағазы табысталды. Еңбегін елеп ескергендеріне ардагерлерде дән риза.
АБДУҒАППАР ТАШХОДЖАЕВ - АРДАГЕР - Айта кетейік Түркістан облысында таулы қарабақ соғысына қатысып тіркелгендер саны 229. Ал Сайрам ауданында 20 соғыс ардагері бар. Отаны үшін белуардан қан кешкен сарбаздардың ерліктері мақтауға лайық.