Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында топ жарған спортшыларды марапаттады. Өңір басшысының қабылдауында болған ұлттық спорт майталмандары жеңісті жолдарын жалғастыруға уәде берді.
Ұлттық спортқа бейім елімізде санаулы өңір бар. Соның бірі Түркістан облысы. Жерлестеріміз Түркияда өткен 4-і дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғап, көк туды желбіретті. Осыған орай, өңір басшысы Дархан Сатыбалды спортшыларға құнды сый беріп, облыстың бірыңғай спорттық формасын кигізді.