Заманауи қоқыс өңдейтін зауыт-цехтер қазір барлық жерде бар деген ақпарат бос сөз. Түркістандық экологтар осылай деп дабыл қақты. Олардың сөзінше, облыстағы қалдықтар дұрыс өңделмейді. Мамандар осылай жалғаса берсе, киелі өлкеде нағыз экологиялық апат болады деп отыр.
Түркістан облысындағы қалдықтардың барлығы дерлік дұрыс өңделме бермейді. Уәдені үйіп-төгіп, үкіметтен қыруар қаржы алатын кәсіпорындар ол ақшаны дұрыс жұмсамай талан-таражға салады екен. Бұл бос сөз, жала емес. Экологтардың тексеріс, зерттеуінен шығатын қорытынды. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің жанындағы экологиялық ғылыми зерттеу институтының директоры Амангүл Ақбасова осы проблемамен айналысып келе жатқанына бірнеше жыл болыпты. Бірақ, мәселенің шешімін қазір көрмей отырмын дейді ол.