Түркістан
EN

Газға қатысты жалған ақпарат тарады

108
12.10.2022

Осы қыста елімізде газ тоқтайды. Мұның басты себебі көрші Ресей мемлекетіндегі саяси ахуал. Уатсап әлеуметтік желісінде дәл осындай мәтінмен ақпарат желдей есіп жүр. Аудио жазба иесінің айтуынша, көгілдір отынның тоқтауы туралы Министрлік тарапынан да бұйрық берілген көрінеді. Бұл деректер қаншалықты рас? Ел халқы шынымен де қыстың көзі қырауда жылусыз қалады ма ? Шынар Әділханқызы зерттеп көрді.

Ватсап желісінде тараған таспада осы жылы газ тоқтайды делінген. Аудио жазба иесінің айтуынша, көгілдір отынға қатысты жиналыста болған. Сол жердегі танысы Ресейдің саяси ахуалы біздің елімізге кері әсерін тигізеді. Сондықтан газ тоқтап қалуы мүмкін екендігін айтқан.