Түркістан
EN

Шекарадан 250 литрден артық жанармай өткізуге болмайды

179
12.10.2022

Жүк көлігінің жүргізушілері шекарадан белгіленген шамадан артық жанармай өткізе алмайды. Бұл туралы бұйрық маусым айында қабылданса да, әлі күнге дейін ережені ескермейтіндер бар. Көршілес өзбек елімен шекара аймағында, алты айдан бері жүзге жуық жүргізуші артық жанармай өткізбек болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін тонналап шекара асатын жанармайдың кеденде қалуына не себеп? Алтынбек Әмит баяндап берсін. 

Бұл «Қапланбек» кеден бекетінде болған дау-дамай. Әлеуметтік желіге таралған бейнежазбаларда көршілес елге тауар таситын ауыр жүк көлік жүргізушілері базынасын айтып, шекарашыларды сөгуде. Көптің көкейіне кептелген жалғыз сұрақ, көліктерінің кеденнен өте алмай, кептелісте неге тұрғандығы. Сөйтсек, кеденшілер өткізбей тұрған жүк көліктері артық жанармайды тиеп алған екен. Яғни, көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында дизель отынын шығаруға рұқсат етілген, ал қосымша қолдан орнатылған бактармен дизель отынын шығаруға тиым салынған.