Түркістан
EN

Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталды

98
12.10.2022

Президентікке кандидаттарды ұсыну бүгін аяқталды. Осы уақытқа дейін Президент сайлауына үміткер ретінде "Ауыл" партиясы атынан Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Нұрлан Әуесбаев, "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан Мейрам Қажыкен, Халықтық коалиция атынан Қасым-Жомарт Тоқаев, "Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы" бірлестігі атынан Қарақат Әбден, «Қазақстан құрылысшылар одағы»   атынан Талғат Ерғалиев ұсынылды. Сондай-ақ , бүгін «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі атынан Салтанат Тұрсынбекова, «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Хайролла Ғабжалилов ал, «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі атынан Бақыт Жаңабаев президентікке өз кандидатурасын ұсынды. Айта кетерлігі, Президент болғысы келетін кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері - 3 млн теңге.