Түркістан
EN

Түркістан облысында президент сайлауына дайындық қалай?

165
11.10.2022

2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Саяси науқанға Түркістан облысында 900-ден астам сайлау учаскесі дайын. Аймақтың әрбір тұрғыны өзі тұратын мекендегі сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады. Ал қай сайлау учаскесінде тіркеуде тұрғаныңызды біле алмай жүрсеңіз келесі бейнематериалға зер салыңыз.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Түркістан облысында 19 қыркүйектегі ақпарат бойынша 1 168 475 сайлаушы тіркелген. Өңірде барлығы 919 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда олардағы материалдық-техникалық жабдықталуы саяси науқанға толықтай дайын.