Кентауда 145 адам тамақтан уланды. Олардың барлығы фас фуд өнімдерін сататын дәмханадан тамаққа тапсырыс берген. Атап айтқанда, жылдам әзірленетін тауық, пицца, суши жеп ұшынған. Науқастардың қазіргі жағдайы қалай? Дәрігерлер не дейді? Тілшіміз Шынар Әділханқызы тарқатсын.
70 ті желкелеген әженің аурухана табалдырығын тоздырып жүргеніне бүгін үшінші күн. Себебі 2 күн бұрын келіні мен қызы дәмханадан тамақты тапсырыспен алып жеп, уланып қалыпты. Ал бүгін тағы бір немересінің денсаулығы сыр берген. Осылайша, бір үйдің 3 адамы емханада ем алуға мәжбүр.