Түркістан
EN

Кандидаттарды ұсыну аяқталды

87
11.10.2022

Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады. Бүгінге дейін Президент сайлауына үміткер ретінде "Ауыл" партиясы атынан Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Нұрлан Әуесбаев, "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан Мейрам Қажыкен, Халықтық коалиция атынан Қасым-Жомарт Тоқаев, "Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы" бірлестігі атынан Қарақат Әбден ұсынылды. Сондай-ақ бірер сағат бұрын  «Қазақстан құрылысшылар одағы»   атынан Талғат Ерғалиев те президентікке өз кандидатурасын ұсынды. Айта кетерлігі, Президент болғысы келетін кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері - 3 млн теңге. Биыл енгізілген реформаға сәйкес ел президенті 7 жылдық бір мерзімге ғана сайлана алады. Науқанды өткізуге шамамен миллиард теңге жұмсалмақ.