Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында заманауи техникалық құралдар қолданылуда. Әуеге ұшырылатын бұл құрылғы заң бұзушылықтарды түсіріп, содан кейін бейнежазба полицейдің планшетіне жіберіледі. Бүгінде бұл жобамен облыстық полиция департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе жұмыс жасауда. Жалпы жыл басынан бері облыс жолдарында 450ден астам жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдардағы жол көлік оқиғасы 55,4 пайызға артты. Төтенше жағдайларды қарау кезінде басты себептердің бірі - қарсы жолаққа шығу. Бүгінде осы ережені бұзу бойынша 47 дерек тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға көп. Сондай-ақ облыстық полицейлер жол ережесін өрескел бұзғандарды анықтаудан бөлек, жылдамдықты асырмау және қарсы жолға шықпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.