Шымкентте мобильді топ мүшелері 200-ге жуық қонақ жиылған думанды тойды тоқтатты. Тәртіп сақшылары той иесі мен мейрамхана қожайынын әкімшілік жазаға тарту үшін тиісті хаттама толтырды. Айта кетсем, мегаполис қазір «қызыл аймақта». Өткен тәулікте 264 адамнан қауіпті инфекция табылды. Сондықтан өңірде коронавируспен күрес шаралары күшейген. Бірақ карантиндік талаптарды елемейтіндеп азаяр емес дейді мамандар.