Түркістан
EN

Ауған соғысының ардагерлері мектеп оқушыларымен кездесті

268
10.10.2022

Түркістанда «Айбынды жастар – жаңа қазақстанның тірегі» атты шара өтті. Ауған соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысының ардагерлері мектеп оқушыларымен кездесті. Олар, жеткіншектерге отан қорғаудың маңыздылығы туралы ескертті. Оның үстіне, мектеп қабырғасында жиналғандар Қарулы Күштер қатарына аттанғалы жатқан сарбаздарды шығарып салды.

«Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» Қорғаныс және Білім министрліктерінің бірлескен жобасы. Бұл насихат жұмыстарына Ауған соғысының ардагерлері  әрқашан белсенді қатысады. Олар ата-бабаларымыз найзаның ұшымен қорғап, қалдырған ұлан-ғайыр жерді қорғау келешек ұрпаққа қалған аманат екенін айтудан шаршамаймыз дейді.

БАБАЙ АЛДАБЕРГЕНОВ   ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ АРДАГЕРЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Біріншіден, менің айтарым, қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштері Заманауи техника, құрал-жабдықтар мен қару-жарақтармен қамтамасыз етілген. Соның барлығын, қазірмектеп жасындағы бала игеріп кету үшін білімді болу керек, іскері болу керек. Қазіргі мектептегі жастарға айтарымыз, оқыңдар, білім алыңдар. Ел басына күн туғанда сол техниканы меңгеруге дайын болыңыздар деймін.

Осы шараның ұйымдастырылуына тек Қорғаныс істері департаменті немесе белгілі бір мектеп ұжымы ғана емес, өзге білім ордаларының Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің мұғалімдері белсене араласады. Себебі, бұндай шарадан қалыс қалғымыз келмейді дейді олар. 

ЗӘКІР ӘБДІРАИМОВ - АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ - Жастарға айтарымыз, осы елді қорғау керек. Осы елге қызмет жасау керек. Біздің армия ең күшті армия болу керек. Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтпақшы, біздің жастарымыз білімді әрі отанды қорғаушы болып жетісуі керек. барлық мүмкіндіктер жасалған. Біз Ауған соғысының ардагерлері ешқашан да бұқларға патриоттық тәрбие беруден шаршамаймыз. Жастарымызға сенім білдіреміз.

Осы игі бастаманың пайдасы айтпаса да түсінікті. Мектептің жоғары сынып оқушылары арасында ардагерлердің тәлімін алған жеткіншектердің кейбірі өз өмірін қарулы күштермен байланыстырғысы келеді. Тіпті, қыздар әскерге бара алмаса да, өзгеше жолдармен ел іргесін берік ұстауға өз үлесімізді қосамыз дейді. 

СЕВАРА ПАТШАХАНОВА - ХАМЗА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ - Мен тікелей әскерге бармасам да, медицина таңдап, сол медицина арқылы сол әскер күштеріне өз үлесімді қосқым келеді. Сол арқылы жараларын таңып беріп...

Сонымен қатар, қорғаныс істері департаменті арнайы Қазақстан әскерінің элитасы десант бригадасын да Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған сарбаздарды оқушылардың алдында шығарып салуға шешім қабылдады. Шәкірттер болашақ сарбаздарды тік тұра қол шапалақтап шығарып салды.

Сондай-ақ, шара барысында оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың және Ауған соғысы ардагері, генерал Бақытжан Ертаевтың өмір жолдарын бейнелеген кинолар көрсетілді.