Түркістан
EN

«Қайырымдылық керуені» V республикалық байқау басталды

127
10.10.2022

Қайырымдылық жасаудан жарыс. Осы тақырып төңірегінде «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды. Бұл туралы Іскер әйелдер қауымдастығы Жас қанаттар көшбасшысы мәлімдеді. Бесінші рет өткізіліп отырған бұл байқауға өзгелерді өздерінің игі істерімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Шараға қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылданады. Осы уақытқа дейін әр азамат қайырымдылық жасағаны бойынша бейне-материалдарын ұйымдастырушының арнайы сайтына жібереді. Сондай-ақ қатысушылар сапалы түсірілген кадрлар үшін сыйлықсыз қалмайды. Лауреаттар «Асар», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында»  секілді номинациялар бойынша анықталады.