Түркістан
EN

Халықаралық қазақ-түрік университеті мен «Түркістан» телеарнасы ерекше кеш өткізді

121
10.10.2022

Халықаралық қазақ-түрік университтетімен «Түркістан» телернасы ерекше кеш өткізді. Оқу ордасының мәдениет сарайында өткізілген іс-шарада студенттер қауымы кино тамашалап ұтыс ойындарына қатысты.

Университет аумағындағы мәдениет сарайының үлкен залында ұйымдастырылған шараға келушілердің қарасы қалың болды. Экранда әлемдік деңгейдегі «Мұнара» фильмі қойылды.

Кейіпкерлердің алдынан сәт-сайын кездесетін түрлі кедергілер, үнемі ауысып отыратын оқиғалар желісі көрерменді фильм соңына дейін тапжылтпай ұстап тұрады. Осыдан соң ұйымдастырушылар қаламыздағы рухани орындарға билеттермен бағалы сыйлықтар ойнатты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жеңімпаздарды анықтау аса қиын болған жоқ. Себебі кино көрсетілімге кіру үшін арнаның әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркеліп билет алады. Ал билетте әрбір көрерменге нөмір берілген. Осылайша кездейсоқ түскен сандар арқылы жеңіміздар анықталып жүлдегерлер өз сыйлықтарына ие болды.

Іс-шара соңында көрермендер ұйымдастырушылардан бұндай қызықты шоуларды көптеп өткізу туралы өз ұсыныстарын айтты.