Түркістан
EN

Су қоймалардың көпшілігі жөндеуден өтпегендіктен тозығы жеткен

171
05.10.2022

Түркістан облысындағы су қоймалардың көпшілігінің тозығы жеткен. Өңірде жалпы 41 су қойма болса, оның 16-сы жөндеу жұмыстарын талап етеді екен. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппарат отырысында кеңінен сөз қозғады. Өңір басшысы осы орайда су тасқыны мен селдің алдын алу маңызды екенін, және бұл түйткілді мәселені баса назарда ұстау керектігін айтты. Сондай-ақ, Төтенше жағдай департаментіне бірнеше басқармамен бірлесіп, арнайы жол картасын қолға алуды тапсырды.