Түркістан
EN

Түркістан облысында ер адамды көлікпен сүйрей қашқан жүргізуші ұсталды

182
05.10.2022

Түркістан облысында ер адамды көлікпен сүйрей қашқан жүргізуші ұсталды. Сарыағаш қаласында болған оқиға автокөліктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда «мерседес» тізгіндеген азамат көшеде "жигулиден" басып озғанын байқауға болады. Бірақ көп ұзамай артта қалған көлік "Mерседестің» алдын қиып тоқтап, оның тізініндегі азамат көлікке қарай тұра жүгірген. Капот үстіне секіріп шыққан жігітті темір тұлпар иесі біраз жерге дейін сүйреп, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда жүргізушінің жеке басы анықталып, аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.  Ал, көлік оқиғасынан жарақат алған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аурухана жеткізілген.