Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі мемлекеттер ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Асимовпен және Хатшылықтың жобалық директорлары Ержан Мұстафин, Шокирджон Рахматов, Эрсин Айдоғанмен кездесті. Мәртебелі меймандар Түркістан қаласында 3-4 қазан аралығында өтетін «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум жұмысына қатысу үшін арнайы келген. «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасы екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристтер ағынын арттыруға бағыттылған. Өз кезегінде, аталған жоба екі елдің сонымен қатар, шекара маңындағы өңірлердің экономикалық дамуына оң серпін бермек.