Түркістан
EN

Түркістанда фотосуреттер көрмесі өтті

168
04.10.2022

Түркістанда фотосуреттер көрмесі өтті. Алайда, жай көрме деп ойласаңыздар қателесесіздер. Себебі, ол «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған ерекше мағынасы бар сайыс. Сайдың тасындай іріктелген фотографтар кең-байтақ даланы, халық тұрмысын сурет арқылы сөйлетуге тырысты. Толығырақ Еркелді Тілеуқұл айтып берсін.

Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген фотографтарға ерекше талап қойылды. Ол - туған жердің тұрмыс-табиғатын көрсету. Қатысушылар, әсіресе, қаланың түрленген сәулетіне мән берді. Дегенмен, өңірдің әсем табиғаты да қалыс қалған жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар басты шартты орындады. Аймақтың бірегей табиғатын көрсете білді.

Қазылар алқасы да кәсіпқой дизайнер, суретшілерден құралған. Олар да, терең композицияларға мән бергендерін айтады. Оның үстіне, қатысушылардың деңгейіне тәнті болғандарын да жасырмады.

Жарыс жеңімпазы болып, Түркістанның сәулет өнерін, адам кескінін және киелі бүркітті бір суретке сыйғыза білген Оразали Асан атанды. Ол өзінің бас жүлдені алатынына соңына дейін сенбеген екен. Өйткені кәсіби фото түсірумен айналысып жүргеніне небәрі бір жыл ғана болған.  

Айта кетер жайт, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар берілді. Мәселен бас жүлде 500 мың теңге, бірінші орын 300 мың, екінші орын үшін 200 мың берілсе, үшінші орынды иеленген қос қатысушыға 50 мың теңгеден берілді.