Түркістан қаласында «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» ауқымды фестивалі өтті. Шаһардағы 25 тен астам ең мықты мейрамханалар қала қонақтары мен тұрғындарға ұлттық тағамдарды, жергілікті және көше тағамдарын, десерттер мен сусындар дайындаған.
Гастрофестивальдің негізгі мақсаты – Түркістан қаласының көрнекті белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу. Мұнда ең мықты мейрамханалардың түрлі тағамдары мен ас мәзірін таныстырып, тұрғындарға ұсынды.
ЖАМОЛИДДИН АЙТБАЕВ - "БАЛКОН" МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ - Іс-шараға 2 мыңнан астам қонақ қатысты. Олар бұл ерекше фестивалді тағатсыздана күткенін айтады. Тіпті, арасында басқа қаладан арнайы атбасын бұрған қонақтарда бар.
ӘСИЯ ТҰРЛЫБЕК - ҚАЛА ҚОНАҒЫ - Гастрофестиваль аясында ойындар, конкурстар, шеберлік сыныптар ұймдастырылып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы іс-шара барысында Түркістанның алғашқы гастрокартасын таныстырды. Картада туристерге баруға ұсынылған қала мекемелері туралы ақпарат бар. Және Бұл картадан, нағыз түркістандық самсаны, тіл үйірер кебабты, қазақ тағамдарының көне рецептері бойынша дайындалған тағамдардың мекен-жайларын білуге болады.