Түркістан
EN

“Ғарыштық байланыс” орталығы ашылды

278
03.10.2022

Енді түркістандық оқушылар инженерлік дағдыларды игере алады. Нақтырақ айтсақ, ғарыш технологиялары бойынша білімдері жетілмек. Себебі өңірде алғаш рет бірегей білім беру хабы ашылды. Мұнда жастар ғылым, технология, инженерлік – математика саласындағы білімдерін шыңдай алады. Толығырақ тілші бейнематериалында.  

UniSat білім беру хабы бұл Қазақ ұлттық университеті мен БҰҰ Балалар қорының бірлескен жобасы. Оның негізгі мақсаты – өңірдегі балалардың инженерлік дағдыларын арттыру. Алғашқы зертхана ғарыштық роботехника. Мұнда аспанда ұшып жүрген барлық спутниктармен байланыс жасалынады. Ал ғарыштық байланыс зертханасында наноспутниктарді жинап,  құрастырып, атфосфераның жоғарғы қабатына ұшыруға мүмкіндік болмақ. 

ӘМІРХАН ТЕМІРБАЕВ – ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ИНЖЕНЕРИНК КЛАССТЕРІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ - Спутниктардың негізгі миссиясы әртүрлі дачктен информацияны қабылдау одан бөлек ауаның ластанғанын зерттеу. Біз бұл жобаны 2020 жылдан бері жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда 2 мыңнан аса қатысушылар жобадан өтті. Осы көктемиде 150 оқушы, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстаннан келген 150-ден аса оқушылар жобдамызға қатысып, Алматы қаласында 5 спутникті ұшырдық. 

Жобаның ашылуына БҰҰ Балалар қорының еліміздегі өкілі де қатысты. Артур ван Дизен мұндай бірегей жобаның маңыздылығына тоқталды. Бұл ең алдымен гендерлік стереотипке әсер етпек. Яғни мектеп жасындағы қыздар мен жас әйелдердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік болмақ. 

АРТУР ВАН ДИЗЕН – БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ - АУДАРМА: Бұл жобаның мән-мағынасы көптеген қыздарды ғылым, математика, технология сияқты әртүрлі салаға өз үлестерін қосу. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін қыз бала тек қана осындай жұмыс істеуі керек деген әртүрлі стеротиптер сақталған. Ал біз осы үйірмені қолдау мен ашу арқылы қыздар да ғылымды, ғарышты игере алады. Сол салады жұмыс істей алады, болашақ мансабын құра алады деген ойымыз бар. 

Аталған бағдарлама алғаш рет 2020 жылы Алматы қаласында жүзеге асқан. Содан бері 2 мыңнан аса оқушы білімін жетілдірген. Ал бұл орталықтың өзге өңірдегі алғашқы филиалы. Алдағы уақытта осындай білім беру орталығын басқа аймақтардан да ашу жоспарда бар.