Зияткерлік мектеп ұлт болашағы. Дәл осындай атаумен Түркістан облысындағы Отырар ауданында жасөспірімдер арасында шахматтан жарыс өтті. Турнир мектеп оқушылар арасында болды. Бәйгеге 50 ге тарта жас қатысты.
Шахматтан өтетін жарыс осылай әнұранмен басталды. Сайысқа қатысушылардың жүзінде ерекше қуаныш бар. Себебі мұндай шара Ордабасы ауданында екінші рет өткізіліп отыр. Бұл спорт балалардың логикасын арттырып, сабақ үлгерімін жақсартуға сеп болады дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік жарысқа қатысуға ниет білдіргендер саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Бұл шахмат спортына жасөспірімдердің қызығушылықтары бар екендігін білдіреді. Сондай-ақ бүгінгі додадан жүлделі орындарға ие болған оқушылар да бар.
Ал сайысқа қатысуға ниет білдіргендерге ынталандыру марапатын табыстады. Сондай-ақ додаға қатысқандардың барлығына сыйлықтар үлестірілді. Ұйымдастырушылар алдаға уақытта да мұндай шаралар жалғасын табатынын айтады.