Қазақстан азаматтығын алып беремін деп алаяқтық жасаған күдікті анықталды

121
29.09.2022 04:40

«Қазақстан  азаматтығын алып беремін»  деп шетелдік азаматты алдап соққан күдікті анықталды. Алаяқ Өзбекстан елінен Қазақстанға  көшіп келген азаматтың төлқұжаты жоқ екенін біліп,  өз арам ойын жүзеге асырған. Азаматтықты алып беретінін айтып, қызметі үшін 125 мың   теңге алған, сөйтіп ақшаны бас пайдасына жаратыпты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.