Түркістан облысында ер адам ломбардты тонап кеткен

91
29.09.2022 04:34

Жетісайда ломбард қызметкерін қарумен қорқытып, 1,2 млн теңгені жымқырған күдікті қолға түсті. Полицияға жергілікті тұрғын шағымданған. Оның айтуынша, жұмыс орнына кешкі уақытта басына жаздық бас киім мен бетіне медициналық бетперде тағып алған белгісіз біреу кірген. Сүйтіп оны қарумен қорқытып, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан жәбірленуші сол мезетте күдіктіге кассадағы 1,2 млн теңгені ұстата салған. Оңай олжалы болған сезікті оқиға орнынан ізін суытқан. Полицейлер бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктінің жеке басы анықтап, ол көп ұзамай қолға түскен.