Отырарда жүгері жинау науқаны басталды

139
29.09.2022 03:30

Отырар ауданындағы шаруалар үшін  дамыл жоқ. Өйткені, қазір егін ору науқанының қызған шағы. Ерте көктемде жерге дән тастап,  ала жаздай күтіп баптап, өнімді күзде шығын шығармастан жинап алады. Мұндағылар науқанға тыңғылықты дайындалған. Әр гектардан орта есеппен 100 центнерден өнім алып жатыр. Техникалар да тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. 

Қожалық төрағасы 20 гектар алқапты тең жартысына жүгері еккен. Қазір одан мол өнім ала бастады. Гектар берекелігі 10 центнер. Алайда, дәнді дақылға соңғы кездері  субсидия  берілмей қойыпты.

НҰРЛАН ӘБДІРӘСІЛОВ - ДИҚАН  - Жылына бір мәрте егесің бір мәрте өнім береді. Ал, жоңышқа 5 мәрте егесің.

Дихандардың өнімін жинап, тиеп, өткізу жұмыстары жүруде. Мәселен, Нұрғали Мұратов 250-га жердің 3/1 орып алған.  Әр гектардан 160-180 центнер қамбаға құйылған. Күні кеше ғана мұнда 350 тонна дән болған. Жиналған өнімді өткізуде әзірге қиындық жоқ-дейді ол.  

НҰРҒАЛИ МҰРАТОВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ: «Бөрте милкаға біз жеткізіп береміз. Шөбі бар жемі бар. отындық өнімді қолдап жатырмыз енді барынша». 

Ауылда жүгері, жоңышқа, бақша дақылдарын өсіруді жолға қойған. Оны Өзбекстан, Ресей, Қырғызстанға жөнелтіп жатыр. Ағын су бұған дейін шаруалардың басты мәселесі болып келген. Өйткені, су 44 шақырым жердегі Бөген су қоймасынан келеді. Егістікке жетем дегенще 50 пайызға жуығы жерге сіңіп кететін. Ауыл әкімі бұл түйіткіл де кезең кезеңімен шешімін тауып жатыр дейді.  

ИСАХАН ТАЙКЕЛТІР – АҚТӨБЕ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Р-1 каналаының құрылысы жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығының қаржыландырудың арқасында сол канал бітіп, жоспарға жетеміз деген ойдаамыз».

Жалпы, ауылда  3200 га жерге егін егілген. Ауыл әкімі шаруалар мен диқандар жанармай, жеңілдетілген тыңайтқыштармен дер кезінде қамтылғанын айтады. Соның арқасында болса керек, биыл алынатын өнім жылдағыдан жоғары болып отыр дейді. Қыркүйектің ортасында басталған жиын терім науқанын қарашаның бел ортасына  дейін аяқтауды жоспарлап отыр.