Түркістандағы Конгресс холға 2 жыл толды

132
29.09.2022 03:25

Түркістанның ең көркем ғимараттарының бірі, көпсалалы Конгресс-Холл кешенінің ашылғанына биыл 2 жыл. Осы 24 айдың ішінде бірегей нысан бірнеше халықаралық маңыздағы іс-шаралардан бастап, мәдени тарихи өзге де жиындарды өткізді. Жаңа қаланың нақ орталығынынан орын теуіп, шаһардың бетке ұстар ғимараттарының біріне айналған Конгресс хол туралы келесі сюжетте толығырақ.  

Осыдан тура екі жыл бұрын 28-і қыркүйекте Конгресс-Холл көпсалалы кешені пайдалануға берілді. Екі жылда 109 түрлі деңгейдегі іс-шара өтіп оны 33 000 -ға жуық көрермен тамашалаған екен. Оның басым көпшілігі мәдени жиын. Тіпті, халықаралық конкурстар де болды. Кешен туған күніне арналған жиында сол ірі басқосулар туралы естелік ретінде көрме де ашылды.

Туристік қала Түркістанның көркін Конгресс хол кешені кіргізіп тұрғаны анық. Бұл жөнінде Президент те сөзіне арқау етіпті. 

Кешенде тиімді бағамен бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды. Оның ішінде ән мен биге жазылушылардың қатары көп. Үйірме жаттығушылары бірнеше конкурстарда топ жарып та үлгеріпті.  

Ал шетел сахналарында ән шырқап жүрген Конгресс-Холл әртістері мерекелік шара соңында кешен әнұранын бірге шырқады.

Атап өтер жайт, кешенде 1000 орынға арналған концерт залы, 400 адам сыятын мейрамхана және бірнеше мәжіліс залы бар. Одан бөлек, фитнес залы да жұмыс істеп тұр.