Ұлы дала жорығы Түркістан өңіріне табан тіреді. Астана қаласынан бастау алған жобаға қатысушылар 8 күннен кейін Созақ ауданына келді. Еліміздің 6 өңірінен 20 команда бақ сынасқан сайыс 29-шы қыркүйек күні Түркістан қаласында аяқталады. Жеңіске жеткен топ 30 000 000 теңгелік жүлдені қанжығасына байлайды. Теріскей жерінде шабандоздарды қарсы алған тілшіміз тақырыпты тарқатады.
Раббим Борашов велошабандоз. Ол «Ұлы дала жорығы» жобасына ерекше қызығушылық танытып, шайтан арбамен Астана қаласынан келе жатыр. Егде жасқа келсе де, ерлер мінген сәйгүліктерді басып озып, сырлы Созақ жеріне алғашқылардың бірі болып табан тіреді.
РАББИМ БОРАШОВ – ВЕЛОШАБАНДОЗ - Жылқылардан қалыспай менде жолсыз жерлермен келе жатырмын. Менің мақсатым сайысқа қатысушыларға моральдық тұрғыда көмектесу...
8-күн бұрын бастау алған сайыс негізінде велошабандоздардың емес нағыз дүлділ аттардың тартысы. Күніне 100-шақырымды жүріп өтуге кез-келген сәйгүлік шыдамасы анық. Сондықтан, жобаға қатысқан 20 команданың 8-і ғана Түркістан облысына жетті. Ал, өзге қатысушылардың тұлпарлары болдырып, жолда қалған. Тіпті, ұзақ жолды көтере алмай, кейбір аттар жазым болыпты.
ИСАТАЙ ЕСЕНТАЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАБАНДОЗЫ - Негізі біздің дайындық аз болып қалды. Мұндай сайысқа 1 жыл бұрын аттарды баптау керек екен...
Теріскейдің құмды желі мен сексеуілді атырабы сайысқа қатысушыларға едәуір кедергі болған. Алайда, осы өңірде туып өскен шабандоздар үшін қиындық тудырмапты. Сондықтан да, Түркістан облысының құрамасы доданың 8-ші күні мәреге алғаш болып келді. Жер қыртысы мен климаты біздің өңірге ұқсас Маңғыстаулықтар екінші орыннан көрінді.
РУСЛАН ДҮЙСЕНБАЙ – МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАБАНДОЗЫ - Жел сәл ғана кедергі болды. Біздің қателек жолды дұрыс бағандамағанымызда...
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған жобаның мақсаты, халқымыздың жылқы жануарына деген ерекше сезімін әлемге паш ету. Сәйгүліктің сырын жүрекпен ұғып, әлімсахтан жылқыға әуес болған қазақ үшін бұл сайыстың орны ерекше екені анық. Сондықтан да, Созақ елі сайысқа қатысушыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, құрмет көрсетті.
МҰХИТ ТҰРЫСБЕКОВ – СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Түркістан облысының намысын қорғап шыққан аттар мен шабандозбар біздің, Созақтың азаматтары...
Жоба авторының айтуынша жорықты ұйымдастыру мен жүзеге асыру ұзақ уақытты алған. Елордадан бастау алған сайыстың Түркістан облысында аяқталуы да тегін емес.
БАҚЫТЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ – ИДЕЯ АВТОРЫ - Европаға кентавр деген ұғымды сіңдірген біздің қазақ...
Айта кетейік, жобаға қатысушы Сәйгүліктер күніне 100 шақырымды жүріп өтеді. Тұлпарлардың денсаулығын тұрақты қадағалау үшін шет елдерден мал дәрігерлері де тартылған. Айтпақшы, тартысты дода 29-шы қыркүйек күні, Түркістан қаласы Түркістан арена стадияонында аяқталады.