Түркістан
EN

Отырар ауданында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды

244
28.09.2022

Отырарлық  қариялар бассейнге түсіп, йога мен айналысады. Өйткені ауданда белсенді  ұзақ өмір  орталығы ашылды. Мұнда бір күнде 50-ге жуық адамды қабылдайды. Ең бастысы, барлығы тегін.

Шәуілдірлік Роза Мұсаева 25 жыл бойы шыжыған күннің ыстығы, үскірік аязда бала шағаның қамы, жұмыс  деп жүріп денсаулыққа аса мән бермедік – дейді. 75 жастағы кейуана кейіннен шипажайларға барып,ақы төлеп емделгенін де айтады. Белсенді өмір орталығына келіп, массаж қабылдап, тұз шахтасында емделуде. Бұл жерде бәрі тегін. Бір жағы замандастарын көріп, өткен кеткенді еске алып, күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, бір сәт шүйіркелесуге де болады. 

Дәл осындай орталықтар өзге аудандарда бар. Мұндағының олардан ерекшелігі бассейні бар. Қариялар бұған қуанышты.  Өміріміздің соңғы кезеңін балқып шалқып өмір сүретін болдық дейді олар.

Бұл жерде  массаж жасап, йогамен айналысады. Тенис, бильярд залдары да бар.  Тұзды шахтасы өкпеге пайдалы. Мұнда олар қалаған ісімен айналысады. Спортпен шұғылданып, ән тыңдап, тоқыма тоқиды.. Олар аптасына 5 күн таңертеңнен кешке дейін келуіне болады. Ешқандай шектеу жоқ. 

ҚАЛДИРА КИІЗБАЙ - ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Психологиялық көмек жас отбасыларға береді.

Орталықта тек сыртта көлеңкеліп таза ауада отыратын жай қарастырылмапты. Қариялардың қуанышымен ортақтасуға келген аудан басшысы Сәкен Сұлтанханов алдағы уақытта оны да істеп беруге дайын екенін жеткізді. 

Жалпы ауданда 5000-ға жуық зейнеткер бар. Қазірдің өзінде 180—қарт өтініш берген. Оларға 14 маман қызмет көрсетеді. Техникалардың барлығы жергілікті бюджеттен қаралған.