Түркістан
EN

Түркістанда ұстаз барысы өтті

345
28.09.2022

Түркістанда тұңғыш рет облыстық «Ұстаз барысы» турнирі өтті. Ұлттық спортты педагогтер арасында насихаттауға арналған бәсеке бұндай деңгейде ел көлемінде де бұрын-соңды болмаған. Жауырыны жерге тимеген палуан-педагогтер туралы толығырақ келесі сюжетте. 

Облыс ұстаздары бұл жолы біліммен емес білектің күшін сынады. Мектепті бір күнге боз кілемге ауыстырған педагогтер 7 салмақ дәрежесі бойынша қазақ күресінен белдесті. Осындай дәрежедегі турнир әлі өткізілмегендіктен, ұйымдастырушылар арасында қобалжу да болған. Десек те осы жарысты алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. 

БАҚЫТЖАН ТӨЛІМБЕТ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Дегенмен, біздің арамызда дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бар. Одан бөлек, спортпен айналысып жүрген мұғалімдердің барын байқадық. неге осы ұстаз барысын қазақ барысының аясында ұстаздар арасында ғана өткізбеске деген ой келді. Биылдан бастап жылдық жоспарға енгізіп, сіз бен біз көріп отырғандай үлкен іс-шара бүгін өтіп отыр.  

Түйе палуандар арасындағы сында   Отырар ауданынан келген Айдос Төреқұловтың бағы мен бабы қатар шауып, қарсылас шақ келтірмеді. Ол дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі балаларды жаттықтырады. Шәкірттері де қазақ күресінен облыстық және республикалық додаларда топ жарып жүр екен. 

АЙДОС ТӨРЕҚҰЛОВ - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ - Мынау қазақ күресінен жаңағы Ұстаз барысы ауданнан іріктеліп, облысқа жолдама алып, облыстан да чемпион болып отырмын. Ұстаздар арасында қазақ күресі насихатталып жатыр(убрать где он тупит). Қарсыластар жақсы дайындалып келген. Құдай қаласа осындай турнир жылда өте берсін. Оқушы кезде қатысқанмын қазақ күресіне. Қазір де айналысып жүрмін. 

Бақытжан Төлімбеттің айтуынша, қазақ күресінен ұстаздар арасындағы бәсекені республикалық деңгейде өткізу туралы бастама да көтеріліп жатыр. Тіпті, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы алғашқы республикалық ұстаздар барысын Түркістан қаласында өткізуді ұсынып отыр екен.