Шал, қария, ақсақал, абыз. Бір қарағанда бұл сөздер синоним сияқты. Бірақ, мағынасына үңілсек әр сөздің астарында үлкен ой жатыр. Қазақта отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қартты – шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты қария деп, тұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, жыртығын бүтіндеп, азаматын атқа мінгізіп, айдынын асырып отыратын қартты ақсақал деп, бүкіл елдің сөзін сөйлеп, намысын жыртып, дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты абыз деп атаған. Адамның қандай болып өсуі әрине, тәрбиеге байланысты. Қазіргі қазақ отбасыларында бала тәрбиесіндегі әке ролі қандай?
«Нәзік әлемнің» кезекті шығарылымы әкенің қоғамдағы рөліне қатысты болды. Онда зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері тақырыпты толығырақ ашуға тырысты. Қаланың бас имамы да бұл мәселеден қалыс қалмады. Дін өкілі әйеліне масыл еркектердің бар екенін жасырмады. Яғни, кей отбасыларда жұмыс істеуге қауқарлы азаматтардың тегін көмекке үйреніп қалғанына налыды.
МҰХАМЕДЖАН ЖҰМАДУЛЛАЕВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ - Кейде барып тексересің әкелері қай қуысқа қалып кетерлерін білмей қалады. Сосын сөйлеп тастайтыным бар. Ей, мынау не жатысың? Маған келші, қарауыл бол, мешітке кел, жүр сол жерде құран жатта, бағбан бол. Мен төлеп тұрайын. Жоқ ондайға келмейді. Өзімнің практикамда болған нақты практикамен сөйлеп тұрмын.
Бір сағатқа жуық уақытты қамтыған бағдарлама барысында бүгінгі және кешегі әке келбеті жайы сөз болды. Облыстық әжелер алқасының төрайымы «әке, «отағасы» дегенде қандай жан болуы керектігіне тоқталды. Оның айтуынша, бұрынғы және қазіргі әкелердің айырмасы айтарлық білінеді. Себебі өз замандарында әкесіне қарсы сөйлемек түгілі, бетіне тіке қарауға батылдары жетпейтінін жеткізді.
БАЛТАГҮЛ ОСПАНОВА – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ - әрбір отбасы отағасына байланысты. Отағаның егесі сол әке болып табылады. Енді бұрынғы әке мен қазіргі әкелерді салыстырып қарағанда бұрынғы әкелеріміз айбарлы болған, сұсты болған. Солай адамға елестейді әке дегенде. Қатал, балаы бетіне тіке қарай алмайтын. Мысалы, Абай жолындағы Абай мен Құнанбайдың бейнесі арқылы бұрынғы әкелерді елестетуге болады.
Одан өзге, бағдарлама барысында ер балалардың нәзік болып бара жатқаны айтылды. Сарапшылар мұны жұмысбасты әкелердің кесірінен дейді. Себебі ол табыс табамын деп отбасына қарауға уақыты болмайды. Сондықтан баланы әйелі тәрбиелеуге мәжбүр. Салдарынан, қыз мінезді, нәзік азаматтардың өсуі мүмкін дейді. Бұдан өзге, тәрбие жайында түрлі тақырыптар сөз болды. Ендеше, бүгін 21:00-де «Нәзік әлем» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.