Түркістан
EN

Төлебилік кәсіпкер омарташылықты қолға алуда

157
10.07.2021

Төлеби ауданында кәсіпкерлер омарташылықты қолға алған. Тасарық ауылының тұрғындары осы саланы дамыту үшін «Бизнес бастау» жобасы арқылы грант ұтып алды. Ара өсіріп бал жинап отырған кәсіпкердің бірі – Салман Лебиев. Ерте көктемнен қара күзге дейін табиғат аясында жүретін ол тәулігіне 4 келі бал жинайды. Енді кәсібін өркендету үшін 505 мың теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болды. Нәтижесінде омарташы табысын еселеп арттыруға мүмкіндік алды. Айта кетейік, ара шаруашылығы бұған дейін ауданда кенже қалып келе жатқан салалардың бірі болатын. Алдағы уақытта, нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қайтарымсыз қаражат, омарташылықтың дамуына серпін береді деген сенім бар.