Төле би ауданы, Қасқасу ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты болды. Құлшылық орШекарадан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар Қостанай облысындағы «Тобыл» бөлімшесінің шекара қызметі жұмыс істеп тұрған пункттерін айналып өтпек болған. Ведомства мәліметінше, шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірген. Сондай-ақ олардан суық қару да табылған.
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: "Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде. Оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттерінің бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз".