Түркістан
EN

Түркістан облысында оқушыға үйленген мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

120
27.09.2022

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында, оқушыға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасаған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Судья Жымысқы ойлы педагогты 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол енді өмір бойы білім беру мекемелерінде жұмыс істей алмады. Тағы қоғамдық жұмыстарға да тартылады. Толығырақ Айдос Игіліковтің бейнематериалында.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған бұл оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірген еді. Оқиға ізімен өрбітсек, Айыпталушы ұстаз жымысқы ойын алғаш рет 2021 жылдың 27 қара күні іске асырыпты. 1988 жылы туған Жарты төбе ауылының жігіті , кәмелет жасқа толмаған қызбен әуелі Ынтымық ауылындағы Медресе маңында қыдырып, кейін Келес өзенінің жағасында көлік ішінде жыныстық қатынасқа түскен. Сондай-ақ ол бойжеткенді болашақта бірге болатынын сендірген. Ал зорлық көрген қыздың анасы болса, кісенделген жігітті бұрыннан танитынын және құдаласқанында жоққа шығармады. 

Осы іске қатысты сот отырысы жабық түрде өтте. Мемлекеттік айыптаушы дәл осы іске байланысты сотталушыға 2 жыл бас бостандығанан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Алайда Түркістан Облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. 

Естеріңізге сала кетейік қазіргі таңға дейін тергеу изоляторныда болған сотталушы жазасының 7 айын толық өтеді. Үкім енді күшіне енеді. Тараптар Сот шешімімен келіспеген жағдайда, 15 күннің ішінде апеллияцияға өтініш бере алады.