Түркістан
EN

Қасқасуда жаңа мешіт бой көтерді

122
27.09.2022

ны Қуандық бабаның атымен аталды. Алла үйінің салынуына өңірдегі еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін үлес қосыпты.

Табиғатының кереметтігімен төрткүл дүниеге танылған Қасқасудың төрінде жаңа мешіттің ашылуы болды. Қасиетті ісшараға алыс-жақыннан жиналғандардың қарасы қалың. Шарада құт мекеннің құрылысына үлес қосқан кісілер алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар ауыл молдасына Құран кітап пен аса таяқ тапсырылды.

БАУЫРЖАН ӨТЕУОВ  –  БАС ИМАМ – Бүгін бір ақ түйенің қарны жарылған үлкен бір қуанышты кезеңге келіп тұрмыз мінекей. Құдайқала орталықта міні бірлік пенен ынтымақтың арқасында, осы көпшілік мұсылман бауырларымыздың міні үлкен мешіт салынып міні қасымыздағы қуанып жатқан сәтіміз бар. Алла қуанышымызды ұзағынан қылсын. 

Имандылық ұясы аудан бойынша 65-ші болып тіркелді. Мешіттің салынуына еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін үлесін қосқан. Алла үйіне 300-дей адам сияды. Іші заманауи тұрғыда жарықтандырылған. Одан бөлек имам бөлмесі, ғұсылханасы бар. 

ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ –  "ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ" ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ – Мешіттің құрылысы 4-5 жылдан астам уақытқа созылды. Енді жеке кәсіпкердің қаржысы емес. Ел болған соң әркім өзінің мүмкіндігіне қаарап біреуі 10 тг біреуі 15 тг қылып, ел болып жиналып асықпай салынды. 

Жиында осы ауылдан түлеп ұшқан, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген жас айтыскер ақындар өлеңдетіп, термелетті. Бас қосудың соңында Қуандық бабаның рухына құран бағышталып, ас берілді.

КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ – Біз арнайы осы Қуандықтың ауылына мешіт салынып арнайы шақырумен  Шымкент қаласынан біраз зиялы қауым өкілдері келіп отырмыз. Әрине мешіт салу бүгінгі таңда оңай емес. Ол да болса біздің тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің арқасында болып жатқан тірлік. Кешегі кеңес заманында осы жерге қатысқан азаматтардан көбісі тәлім-тәрбие алып сол кезеңде өскен азаматтар. Ал ол кезеңде мешітті салмақ түгілі мешітке баруға жұрт қорқатын заман еді. Ал енді бүгінгі тәуелсіз егемендігіміздің арқасында әр ұлт өзінің дініне бағыштап, мешіт салып, тиісті намазын оқып салауат іс жасап жүр. 24-NAME_RGB1

ЖҰМАҒАЛИ ЕСМҰРЗАЕВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - Мынау арт жағымызда тұрған мешітіміз 87-88-жылдары салынған мешіт. Осы жерде аталарымыз кеп намазын оқып, одан қала берді мынау Жаңа мешітіміз тұрып жатыр Құдай қаласа. Бүгін ашылу салтанаты өтті. Аудан облыстан келіп ағаларымыз ашып беріп имамдарымыз осыны қолданысқа берді бұны. 

Еңселі ғимарат ауылға сән беріп тұр. Мешітті салуға халықты жұмылдырған бастамашыл топ мүшелерінің айтуынша, сауапты шара ауыл тұрғындарын бірлікке жұмылдырса, жырақта жүрген азаматтардың туған жерге деген ыстық ықыластарының нығаюына себепші болған.