Түркістан
EN

Параплан спортынан Қазақстан чемпионаты өтті

144
27.09.2022

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында параплан спортынан қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің бес облысынан 30 дан астам әуесқой спортшылар келіп қатысты. Толығырақ тілші бейнематериялында.

Төлеби ауданында өткен параплан спорты өте тартысты өтті. Спортшылардың да дайындығы жаман емес. Бұл спорт түрі саңлақтардан ұқыптылықты, және жүректілікті талап етеді. Аспаннан қалықтап келіп, межелеген жерге дөп түсу оңай шаруа емес. Мұнда ауа ағымын ескере отырып, парапланды шебер басқара білуің керек. 

ВАЛЕРА КОТЫЙШЕВСКИ-СПОРТШЫ - АУДАРМА: Мен бұл спортты 6 жыл бұрын бастағанмын. Маған параплан спорты қатты ұнайды. Достарым мен осылай жиі бас қосамын. Мұндағы әріптестерімді жақсы таныймын арамызда сыйластық бар. Ал жетістігім екі рет әлем кубыгына қатыстым. Бірақ орын алмадым. Бірақ олда мен үшін жеңіс.

Қазылар алқасы жасаған қимылың мен жерге қонғандағы әрбір милиметрді санап, соған сәйкес ұпай беріп отырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша параплан спорты бойынша жарыс облысымызда алғаш рет өткізілуде. 

Параплан спорты елімізде елімізде енді ғана дамып келеді. Бұл спорт түріне қызығушылық танытып жатқандар саны да жыл сайын артып келеді.