Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін. Осындай атпен Анкарада анимациялық қазақ мультфильмінің ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ өтті. Түркиядағы елшілігіміз бен Түркі тарихы және мәдениеті қоры бұл шараны бауырлас елдер арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығы мен балалар жылы аясында ұйымдастырып отыр. Бұған дейін Токиода өткен халықаралық фестивальде «Үздік анимация» аталымында алтын медаль алған мультфильмнің авторлары Маржан және Үміт Жұбанышевалар. Оқиғаның желісі авторлардың өз өмірінен алынған. 30 минуттық туынды 4 жарым жыл бойы дайындалған. Шараны тамашалауға келген бүлдіршіндер қазақ елінің бұл тартуына ерекше ықылас танытты.
ӘСЕЛ ЛАХАЕВА - ТҮРКІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ҚОРЫНЫҢ ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ - Бүгін осындай керемет шара ұйымдастырып жатқанымызға қуаныштымыз. Өйткені бүгінге дейін балалар анимациясына қатысты,әсіресе Қазақстанға байланысты балалар анимациясына байланысты шаралар көрсетілмеген екен. Біздің мақсатымыз осы балалар арқылы қазақтың анимациялық өнері арқылы екі елдің мәдениетін одан әрі жалғастыру, байланыстыру, жақындастыру.