Түркістан
EN

Сарыағашта банкке 20 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

86
26.09.2022

Банкке 20 миллион шығын келтірген күдікті ұсталды. Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Жергілікті погондыларға банк қызметкері арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы тауар сатумен айналысқан. Жедел іздестіру нәтижесінде, жұмыссыз жас жігіт күдікке ілікті. Ол қосымша арқылы тауар сатып алу операциясын жасаймын деп бар жоғы 1 айда 20 миллион теңге алған. Алайда ешқандай тауар алмай қаржыны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

БАҚЫТЖАН СЫДЫҚОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ - Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру ісі басталып, тергеу барысында осы оқиғаға қатысты күдікті ретінде Түркістан облысы тұрғыны анықталып, ұсталынды. Оған қатысты аудандық сотпенен бұлтартпау шарасы санкцияланып қазір күдікті адам қамауда. Тиісті сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша тіркеліп тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.