Түркістанда қалта ұрлығы өршіп тұр. Жыл басынан бері мұндай құқықбұзушылықтың 30 дерегі тіркеліпті. Бұл өткен 3 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Алдағы уақытта Қалта ұрыларын құрықтау мақсатында прокуратура, полиция департаменті, қоғамдық даму басқармасы өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері күш біріктірді.
Облыстық әкімдік жанынан құрылған арнайы ведомствоаралық топ дәл осындай әдіспен қалта ұрыларымен күресті күшейтуде. Олар «сақтықта қорлық жоқ» деген ұстаныммен халықты алдын ала сақтандыру үшін топ мүшелері қоғамдық көліктер мен халық көп шоғырланған орындарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары 2019 жылы қоғамдық көліктегі қалта ұрлығының 69 дерегі тіркелгенін айтады. Жұмыстардың нәтисеніде келесі 2020-2021 жылдары аталған көрсеткіш едәуір түскен. Ол пандемия уақытында қоғамдық көліктердің тоқтап қалуымен байланысты дейді құзырлы орган өкілдері. Ал қозғалыс қайта қалпына келген соң құқықбұзушылық қайта қарқын алған.
КӨКАРШЫН ҚАНАТ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ЖПҚБ-НЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ - 2022 жылдың басынан бері қалта ұрлығының өскенін байқауымызға болады. Сол себепті ведомствоаралық топ мүшелері Түркістан қаласының тұрғындарына қоғамдық көлікке мінген кезде өздеріңіздің бағалы, құнды ақша, заттарыңызға, әмияндарыңызға,
Қалта ұрыларын құрықтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі деп отыр жауапты мекеме өкілдері. Айтуларынша бұл істе ақпараттық-насихаттық жұмыстардың орны ерекше.