Түркістан
EN

Түркістанда “Student Fest” кеші өтті

140
26.09.2022

Жастар ресурстық орталығында жалынды жастарға арналған Студент фест кеші өтті. Кеш Қожа Ахмет Йассауи атындағы ХҚТУ мен Халықаралық Туризм және меймандостық ЖОО-ның студенттері арасында болды. Кештің жалпы мақсаты қандай? Толығырақ тілші тарқатсын. 

Қалдаяқ Гүлім Түркістанның тумасы. Бүгінде Туризм және меймандостық университетінің 3 курс студенті. Сонымен қатар Түркістан облыстық жас қадам еріктілер ұйымының жетекшісі. Белсенді студент мұндай жобалар ізденушілердің басын біріктіріп, бос уақытты тиімді өткізуге жол ашады дейді. 

ГҮЛІМ ҚАЛДАЯҚ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ – Шыны керек дәл осындай үлкен ауқымды жоба, ісшаралар өтіп жатқанына шыныменде қуаныштымыз. Алдағы уақытта да осылай студенттерді қолдап, марапаттау деген секілді ісшаралардың болғанын қалаймыз. Бұл жастарды ынталандырады. Жалпы осыны ұйымдастырушыларға өте үлкен алғысымызды айтамыз. 

Кеш Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Концертте студенттерге білім кілті мен студенттік билеттер табысталды. Үш сағатқа созылған кеште студенттер өз өнерлерін көрсетті.Сондай-ақ  арнайы спикерлер студенттерге бағыт бағдар беріп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар түрлі ойындар ұйымдастырылып, мотивациялық кеңес берілді.

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ – Қазір біз 500 ден астам студенттерді шақыруды көздедік. Одан басқа әр түрлі спикерлер келеді. Өз-Өзін дамыту, мотивация, кәсіпкерлік және өз-өзін табу деген әр түрлі тематикаларға, мысалы 1 курс студенттері әлі көп нәрсе білмейді ғой, 18 жасар, 17 жасар жастар соларға ақыл кеңес және бағыт-бағдар беруге арналған кеш. 24-NAME_RGB1

Сонымен қатар кешке әнші Ғазизхан Шекербеков те қатысып, әннен шашу шашып, жастарға керемет көңіл-күй сыйлады. 

ҒАЗИЗХАН ШЕКЕРБЕКОВ – ӘНШІ - Түркістан облысының жастарына сәттілік тілейм, Құдай қаласа үлкен облыс болып, мегаполис боп, халық көбейіп, шахарға мықты-мықты жастар келіп, Түркістанды дамытуға әрқайсысымыз үлес қосуымыз керек деп ойлайм. Сондықтан әр келген сайын бір ғимарат, бір емес неше түрлі ғимараттар көбейіп бір әдемі көркеіп келе жатқан қалаға мен тек қана сәттілік тілейм. 

Айта кетейік Жастар орталығы қазірде өңірдегі 19 жасқа дейінгі ұл-қыздардың басын біріктіретін бірегей ұйым. Олардың бастамашылдығымен еріктілер, одан өзге салалық бірлестіктер белсенді жұмыс істеуде.